Елімізде 10 млн дәрілік заттың қаптамасы заңсыз айналымнан алынды

11 Ақпан 2023, 02:19 1154

Былтыр сауда нарығына 2,7 мыңнан астам тексеру жүргізілген

Еліміздің фармацевтикалық нарығында заңсыз айналымнан 10 млн дәрілік зат пен медициналық бұйымның қаптамасы алынды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоға қарасты Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитеті өткен жылы дәрілік заттардың бөлшек сауда нарығына 2,7 мыңнан астам тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша 579 әкімшілік хаттама жасалып, 90 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Бұл ретте 66,5 млн теңге сомаға айыппұл салумен дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 588 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 10 млн-нан астам дәрілік зат пен медициналық бұйым қаптамасы алынды.

EL.KZ
Бөлісу: