Елімізде 1 маусым күні «Әншуақ» балалар әндері фестивалінің гала-концерті өтеді

29 Мамыр, 13:46 702

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 1 маусымда онлайн форматта «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалінің гала-концерті өтіп, жеңімпаздардың есімдері анықталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл бірінші рет еліміздің түкпір-түкпірінде балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестифалі өтуде. Фестиваль Әншуақ хэштегімен 1 ақпан күні әлеуметтік желілерде басталды. Бұл уақыт аралығында 15 мыңнан астам видео жарияланып, 13 миллионнан астам қаралым жиналды.

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекованың айтуынша, фестивальдің ерекшелігі – еліміздің рухани, мәдени байлығын дәріптеуінде.

Ол өскелең ұрпақты «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасында көрініс тапқан дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталған. Фестиваль әр баланың бойында өз елі үшін мақтаныш сезімін тудырады. Балалар тарапынан оған деген үлкен қызығушылықтың бар екенін көріп отырмыз. Бүгінге дейін 15 мыңнан астам видео жарияланды, ең танымал балалар әндері шырқалды, - деп атап өтті Меруерт Медетбекова.

Айта кетейік, қазақ тіліндегі ең танымал балалар әндерінің қатарында «Отан», «Ұстазым», «Аяулы ана», «Оқып, біліп үйренеміз», «Мен қазақтың қызымын», «Ана деп ән саламын», «Біз Отанның ұланымыз», «Тәуелсіз ел ұраны», «Ата- әже», «Бірлігіміз жарасқан», «Керек бізге тыныштық», «Үш бақытым», «Бірліктің туы», «Тәтті», «Қазақстаным», «Туған ел» «Домбыра», «Алақай», «Егемен ел – Қазақстан», «Ертегілер» және басқа да әндер бар.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: