Еліміз пияз экспортына уақытша тыйым салды

18 Қаңтар 2023, 14:04 1579

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 070310), оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.

Жоба сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Қазақстаннан пиязды жаппай әкетуді болдырмау және оған бағаны тұрақтандыру үшін үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешімін іске асыру шеңберінде дайындалған.

Құжат 2023 жылдың 24 қаңтарына дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

17 қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

EL.KZ
Бөлісу: