Еліміз бойынша 80 мектепте оқу онлайн форматта жүріп жатыр

7 Сәуір, 15:20 620

Су тасқыны болған өңірлер бойынша 80 білім беру ұйымында оқу онлайн форматында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі өңірлердегі жағдайға тұрақты түрде мониторинг және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Министрлік өкілдері республикалық және өңірлік жедел штабтардың құрамында жұмыс жасауда. Жедел ақпаратқа сәйкес, бүгінде 80 білім беру ұйымдарында оқу онлайн форматында жүргізілуде.

Оның ішінде 55 мектеп эвакуациялық пункт болып айқындалған. Бұл мектептердегі бала саны – 7255. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Нұрмұханова ОКҚ брифингінде хабарлады.

Интернет жылдамдығы нашар ауылдық мектептерді Starlink жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша 6 сәуірден бастап 11 балаларды сауықтыру орталықтарына зардап шеккен өңірлерден балаларды қабылдау басталды. Мұнда оқу процесі қатар ұйымдастырылады. Балаларды қабылдаудың алғашқы күнінде Ақмола облысындағы «Жасдәурен» балаларды сауықтыру орталығы 80-нен астам баланы қабылдады, - деді спикер.
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: