3 Қыркүйек 2014, 13:53
Ақын «Елімай» қиссасының бірінші бөлімінде тек қана соғыстарды баяндап қоймай, туған халқымыздың жерсуларының бұрынғы кездегі атауларын, тұрмыссалтын, кәсібін, елдің ішкісыртқы саяси жағдайларын, көршілес мемлекеттермен қандай қарымқатынаста болғанын, түрік тектес елдерді, Сібір татарына жататын руларды, қалмақтың шыққан тегін, оның түрік халқына жатпайтынын, қалмаққа жататын тайпаларды дұрыс, айқын түрде көрсетіп берген. Мұның кейінгі ұрпақтар үшін маңызы аса зор екеніне ешбір дау жоқ.
Қожаберген ақынның «Елімай» дастанын дұрыс та жоғары бағалаған көрнекті білгір адамдардың бірі – халқымыздың әскери қайраткері, білімпаз да аса дарынды, қадірлі жазушысы, атақты батыры, есімі әлемге әйгілі Бауыржан Момышұлы «Керей Қожаберген жыраудай бұрынсоңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірдебіреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім ай» жыры – әскери дастан! Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?» деген болатын бірде. Ал қазақ халқының аса көрнекті ғылым қайраткерлерінің бірі, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов «Көшебе Керей Қожаберген ақын Толыбай сыншы ұлының «Елімай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елімай» ерлік қиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірденбір тарихи құжат!» деп тұжырып еді. Осы мазмұндас бағаны академикжазушы Ғабит Мүсірепов, академик Әлкей Марғұлан, академик Ақай Нүсіпбеков, тарих ғылымының докторлары Бек Сүлейменов пен Төлтай Балақаевтар кезінде шегелеп айтқан еді.