Елге 11 тонна қантты заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

15 Шілде 2022, 12:12 1858

Қырғызстаннан Қазақстанға 11 тонна қант экспорттамақ болған

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz

«Ақ Жол-автожол» бақылау-өткізу бекетіне Қырғызстан Республикасының азаматтары тізгіндеген «Мерседес-Бенц» маркалы екі жүк көлігі тексерілді.

«Жүргізушілер шекара нарядына көлікте ұн өнімдері (китлап) бар екендігі көрсетілген ілеспе құжаттарды ұсынды. Тексеру кезінде шекарашылар ұн жәшіктерінің артына жасырылған 11 тонна қантты тапты», - деп хабарлады ведомстводан.

Жүргізушілер жалған құжат арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға қантты заңсыз экспорттамақ болған. Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің шешімімен елден түйіршіктелген қант пен шикі қантты алты айға дейін экспорттауға уақытша тыйым салған.

Тиісті құжаттар толтырылған соң жүргізуші мен жүк құзырлы орган қызметкерлерінің қарауына берілді.

Бөлісу: