«Елге білімді адамдар көбірек келді». Қазақстанға көшіп келушілер көбейген

26 Қаңтар, 12:41 971

Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев 2023 жылы сыртқы көші-қонда 10 жылда алғаш рет оң динамика байқалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 1 желтоқсанда көші-қон сальдосы +8,3 мың адамды құраған.  Елге 23 мың адам келіп, 15 мың адам елден кеткен.

Білім деңгейі бойынша да оң сальдо байқалады, елге білімді адамдар көбірек келген. Сонымен қатар, өткен жылдың 9 айында мамандықтар бойынша оң сальдо белгіленді, техникалық мамандықтар бойынша +986, экономикалық мамандықтар бойынша +585, заң бойынша +222 адамды, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша +100-ден астам адамды құрады, - деді комитет төрағасы.

Елдер бөлінісінде көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытай Халық Республикасына тиесілі.

Миражан Махан
Бөлісу: