Елге 50 млн теңгенің электронды темекісін заңсыз әкелген тұрғын сотталды

25 Мамыр 2023, 14:10 670

Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейптерді заңсыз әкелген азамат жауапқа тартылды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді алып мемлекеттік шекарадан өтпек болған екі көлікті ұстады.

Жүк бөлімдерін тексеру кезінде рұқсатсыз және ілеспе құжаттарсыз 50 мыңға жуық «вейп» табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңгені құрады, - делінген агенттік хабарламасында.

Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылатын болды.

EL.KZ
Бөлісу: