12 шілде күні елдің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді, деп хабарлайды El.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Федерация мәліметінше, Елена Рыбакина елордада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі деп жоспарланып отыр.«Құрметті қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. Сіздер мен үшін жеңісті болған Уимблдонда маған қызу қолдау көрсеттіңіздер. Мен оны сездім. Алғыс айтамын. Біз тарихқа бірге ендік, бұл – керемет! Өзім әлі де сене алар емеспін», - дейді Елена Рыбакина.