Елена Рыбакина елге оралды

11 Шілде 2022, 23:56 974

Бәріңізге рахмет!

Елорда әуежайында Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаны жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды EL.KZ BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ертең сағат 15:00 Ритз-Карлтонда барлық маңызды сұрақтарыңызға жауап беремін. Келгендеріңізге көп рахмет! - деп қысқа қайырды Рыбакина.



 Үлкен теннис шебері қазақстандық теннисшілер арасында тұңғыш рет жекелей сында «Үлкен дулыға» додасының жеңімпазы атанды.

Еске салайық, Рыбакина Уимблдонда әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салған еді. 1 сағатқа созылған кездесуде жерлесіміз үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 жалпы есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. 

EL.KZ
Бөлісу: