Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Доха жарысының финалисі атанғаннан кейін WTA чемпиондық кестесіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңартылған чемпиондық кестесінде белорус Арина Соболенко 2325 ұпаймен көш бастаса, қазақстандық теннисші (1828 ұпай) 4-тен екінші орынға көтерілді. WTA-ның бүгін жаңартылған рейтингінде алғашқы төрттікте өзгеріс бола қойған жоқ: Ига Швентек, Арина Соболенко, америкалық Кори Гауфф және Елена Рыбакина алда келеді.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 76-дан 77-ге, Жібек Құламбаева 489-дан 491-ге, Гөзал Айнитдинова 745-тен 751-ге сырғыды, Аружан Сағандықова 796 орынға көтерілді.