Уимблдонның қазіргі чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың екінші айлымында ол Чехия өкілі Линда Носкованы (WTA рейтингінде 50-орында) жеңді.
Ойын 6:3, 6:3 есебімен жерлесіміздің пайдасына аяқталды. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.
Жарыстың үшінші айналымында Елена Сара Соррибес-Тормо (Испания) – Петра Мартич (Хорватия) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.