Елена Рыбакина Live рейтингте үшінші орынды иеленді

5 Қыркүйек 2023, 03:34 601

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA Live рейтингісінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нью-Йоркта өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымында әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула дүниежүзілік рейтингте 17-орында тұрған отандасы Мэдисон Киздан 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Өткен жылы осы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына дейін жеткен Д.Пегула ұпайларын жоғалтты.

Қазіргі кезде Live рейтингте 5790 ұпаймен Елена Рыбакина үшінші орынға шықса, Д.Пегула (5755) төртінші сатыға сырғыды.

Берік Арманов
Бөлісу: