Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 22-ракеткасы ресейлік Людмила Самсоновамен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, бәрінде Самсонова жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да Елена Рыбакина қарсыласына есе жіберді.
Бәсеке барысында Рыбакина 4 эйс жасап, үш брейк-пойнттың біреуін мүлт жібермеді.
Бұған дейін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы белорус Арина Соболенконы ұтқан болатын.