Теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аустралия ашық чемпионатының шешуші матчында Е.Рыбакина беларусьтік Арина Соболенкомен ойнады. Бірінші сетте ол 6:4 есебімен жеңген еді. Алайда кейінгі екі сетте қарсыласына 3:6, 4:6 есебімен есе жіберіп алды.
Осылайша, 23 жастағы Елена Рыбакина екінші рет Үлкен Дулыға жеңімпазы атану мүмкіндігінен айырылды. Былтыр ол Уимблдон додасында топ жарған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина финалда чемпиондық атағын сарапқа салатыны туралы айтылды.