Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жартылай финалына өтті

10 Ақпан, 04:28 788

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған испаниялық Кристина Бучамен жолығысты. 

Биыл Рыбакина Бучаны Аделаиде (Аустралия) додасында 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы Елена матчты өте қарқынды бастады — 6:1.

Екінші сетте керісінше испаниялық спортшы брейк жасап, алға шықты — 3:1.

Дегенмен Рыбакина сол бойда таразы басын теңестіріп қана қоймай, кездесуді жеңіспен тәмамдады — 6:4.

Бір сағат 2 минутқа созылған матчта Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. 

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: