Электросамокат пен мопед жүргізу ережесі бекітіледі

7 Шілде 2022, 17:05 2013

Мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігі заңнамалық өзгерістер дайындауда

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы электросамокат, мопедтерден туындайтын мәселелерді шешу жұмыстарының барысын айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Алматы әкімінің айтуынша, аталмыш мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігі заңнамалық өзгерістер дайындауда. Одан бөлек, жаңа техникалық стандарт шықпақ. Қала әкімі егер ол стандарт қабылданса, Алматыда мәслихатта жаңа өзгерістер мен қосымша жаңа акттерді қабылдауға дайын екенін жеткізді.

«Одан бөлек, біз қосымыша жұмыстар істеп жатырмыз. Алматыда бүгінде электросамокаттарды жалға беретін 4 оператор бар. Солармен жұмыс жүргізудеміз. Атап айтқанда, жылдамдыққа лимит қою, тұрақтар, мопед пен электросамокаттардың жүруге және қоюға тыйым салынатын геолокация және т.б. нормалар дайындап жатырмыз. Осы шілде айының соңына дейін оған қол қоямыз», - деді Ерболат Досаев.


Бөлісу: