Электрондық цифрлық қолтаңба өзгереді

30 Сәуір, 18:00 814

Енді электрондық цифрлық қолтаңба тек 1 файлдан тұрады. Жүйеге кіру үшін де, қол қою үшін де бір ғана қолтаңба болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ЭЦҚ-ның бір кілтіне көшу, яғни жеке және заңды тұлғаларға ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10 – 2015 алгоритмінде ЭЦҚ-ның бір кілті берілетін болады, ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарлануда:

– «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер»;

– «Кадр бөлімінің қызметкері».

3Бүгінгі күні ҚР ҰКО ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қазір қолда бар ескі ЭЦҚ мерзімі аяқталғанша жарамды бола береді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: