«Электронды үкімет»: жарты жылда 35 млн қызмет көрсетілді

7 Тамыз, 16:52 498

«Электронды үкімет» бастамасы аясында eGov Mobile мобильді қосымшасы және сыртқы платформалар арқылы 35 млн қызмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің мәліметінше, бүгінгі таңда барлық мемлекеттік қызметтердің 93,3%-ы электронды түрде қолжетімді, бұл цифрландырудың жоғары деңгейін және тұрғындар үшін мемлекеттік сервистердің қол жетімді болуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының Бірыңғай платформасын енгізу жалғасуда, қазірдің өзінде 4055 сайт жасалды. Бұл көрсетілетін қызметтің айтырлықтай қол жетімді болуын әрі сапасын жақсартады.

Бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және енгізу рәсімдерін жеңілдету үшін «QazTech» платформасы пайдаланылады. Мысалы, су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін бірыңғай qoldau.gov.kz порталы іске қосылды.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясын жеделдететін заңнамалық нормалар қабылданды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: