8 Тамыз 2014, 03:47
Электрондық Үкіметтің іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған. Қысқаша айтқанда, Электрондық Үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі.
Электрондық Үкіметтің көмегімен Сіз:
мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу және т.б.;
коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т.б.;
өтініш беру және лицензия алу;
бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.;
мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу;
мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу;
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) рәсімдеу;
кез келген мемлекеттік органнан ҚР заңнамасын түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының түсіндірмесі, қайсыбір жағдайда лауазымды тұлғаның әрекеттерінің заңдылығы және т.б сұрақтар бойынша On-line кеңес алу:.
Электрондық Үкіметтің call–орталығының телефондары арқылы сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: 8-800-080-7777, 1414.
Электрондық Үкіметтің құрылуы – бұл субъективті фактордың ықпалын төмендете отырып, шенеунікті азаматтарға жақындастырудың амалы. Электронды Үкімет шенеунік пен азаматтың бетпе-бет қарым-қатынасын виртуалды қатынасқа ұластырып, азаматтарға өз сұраныстарының шешілу жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан Үкіметтің де, азаматтардың да, бизнес-құрылымдардың да арманы.