Елдос Сметов финалдық белдесуге даңқты дзюдошы Такатоның кимоносын киіп шыққан

28 Шілде, 08:29 4254

Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалдық белдесуінде жапонның даңқты дзюдошысы Наохиса Такатоның кимоносын киіп шыққан. Бұл туралы Такато әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елдос Сметов мен сыйлаған дзюдо кимоносын киіп шығып, чемпион атанды, - деді ол өз жазбасында.

Елдос Сметов пен Наохиса Такато Рио және Токио Олимпиадасында қатар тұғырға шыққан. Сметов 2016 жылы Риода күміс жүлдегер атанған сәтте, жапон балуаны қола жүлдеге ие болды. Ал Токиода Такатода чемпион атанып, отандасымыз қола жүлдеге ие болған еді. Екі спортшы жастар арасында жарыстардан бері бір-біріне қарсылас атанып келді.

Такато былтыр Жапонияның іріктеу бәсекесінде құрамадағы өзінің басты қарсыласы Рюджи Нагаямаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасынан тыс қалды. Ал Нагаяма бүгін 60 келіде қола медаль иеленді.

Перизат Саденова
Бөлісу: