Елдің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

28 Қаңтар 2023, 22:20 1028

Бірқатар аймақта тұман мен бұрқасын күтілуде

Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын соғады деп болжанды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, түнде солтүстік пен шығыстан соғып, секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде және Орал қаласында тұман түседі.

Сондай-ақ тұман Қызылорда облысының солтүстігі мен Түркістан облысының оңтүстік аймағында орын алады деп күтілуде.  

EL.KZ
Бөлісу: