«Елдің батасы қабыл болды». Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

17 Қаңтар, 10:30 5883

Айтыскер ақын Қазырет Бердіхан Instagram парақшасында Жүрсін Ерманның жағдайы туралы жақсы жаңалық айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар! Бұйырса осы фотодағыдай ортамызда күліп жүріуді нәсіп етсін, - деп жазды Қазырет Бердіхан. 

Айта кетейік, 70 жасты еңсерген ақын Жүрсін Ерман дүниеден озған Несіпбек Айтұлының өзінің мәңгілік досы болғанын, оның қазасынан кейін есеңгіреп қалғанын айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: