Елдің барлық өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

4 Наурыз 2023, 04:07 742

Бұған Қара теңізден ауысатын антициклон әсер етеді

4 наурызда республиканың барлық өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайға Қара теңізден келетін антициклонның әсері көп.

Еліміздің көп бөлігіне Қара теңіз аудандарынан жылдам ауысатын антициклон, ал оның артынан Қазақстанның батысына орталығы Скандинавия түбегіндегі циклон жырасы әсер етеді. Барикалық түзілімдердің ауысуымен және атмосфералық процестердің өршуімен ҚР көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, желдің жаяу бұрқасыны күшеюі мүмкін. ҚР бойынша тұман мен көктайғақ болады, - дейді синоптиктер.

Тек елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

EL.KZ
Бөлісу: