Елдегі азаматтардың үйленуге асықпайтыны белгілі болды

12 Сәуір 2023, 16:15 1075

Қазақстанда 2022 жылы АХАТ органдары 128,4 мың некені тіркеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылмен салыстырғанда былтыр ажырасу көрсеткіші 7,7% азайып, 44,5 мың жұп ажырасты. Қалаларда 33,2 мың ажырасу (74,6%), ауылдық жерлерде 11,3 мың ажырасу (25,4%) тіркелді;

Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалды, онда ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 3,24, ал ең төменгі Түркістан облысында – 1000 тұрғынға шаққанда 0,98-ді құрады.

EL.KZ
Бөлісу: