Елде қант тапшы. Ал кәсіпкерлер бар қантты шекарадан кіргізе алмай отыр

19 Шілде 2022, 06:23 1967

Ал, Ресей тарапынан шектеудің қашан алынары белгісіз.

Ақтөбедегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры 200 тоннадан астам қантты ала алмай отыр, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Тауар Ресеймен ортадағы шекарадан өтпей қалған. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері 434 тонна қант сатып алуға қаражат бөлінгенін айтады. Алайда наурыз айында оның 200 тоннасы әкелінген. Қалғанын жеткізуі тиіс кәсіпкер көрші мемлекет бекіткен шектеуге орай, қиындыққа тап болған.

Қыркүйек айының соңына дейін тұрақтандыру қорын толтыруы тиіс екен. Әзірге қаладағы әлеуметтік дүкендерге күніне бір тоннадан астам қант бөлінеді. Келісі 363 теңгеден сатылып жатқан қант әр адамға 2-3 келіден артық берілмейді. Ал, Ресей тарапынан шектеудің қашан алынары белгісіз.

Жағдай тұрғындардың өзі ушықтырып тұр десем болады. Сатушылар бір адамның күніне бірнеше рет келіп немесе күн сайын 2-3 келіден алып кететіндігін байқап отыр. Салдарынан халық дүрлігеді. Ұзын-сонар кезекке тұрады. Қалада қант бар. Біздің өзіміз күніне 1000-1200 тоннасын шағын базарларға жеткіземіз, - дейді «АҚТӨБЕ» ӘКК өкілі Тимур Биманов.


EL.KZ
Бөлісу: