Елде болу ережесін бұзған 42 азамат жауапқа тартылды

21 Ақпан 2023, 15:04 779

Елде болу ережесін бұзған 42 азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz- ке сілтеме жасап.

20 ақпаннан бастап Павлодар облысының полицейлері “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істейді.

– Аталған іс-шараны өткізудің бірінші күні құқықтық тәртіп сақшылары 42 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін ТМД-ның 26 шетелдік азаматы және Қазақстан Республикасының 16 азаматы бір шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылдады, – деп түсіндірді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің орынбасары Гомар Шабиденов.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың бір фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Қазақстан Республикасының 15 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер облыс аумағындағы “Мигрант” ОПМ 28 ақпанға дейін жалғасатынын және елдің көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайтынын еске салады.

EL.KZ
Бөлісу: