Елімізде алты университеттік аурухананың құрылысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі қолға алған маңызды бастамалардың бірі - медицина саласындағы білім берудің жаңа мемлекеттік стандарты екендігі белгілі.
Денсаулық сақтау ведомствосы таратқан мәліметке сәйкес, елде алты университеттік аурухананың құрылысы басталды. Салалық біліктілік шеңбері бекітілді, саланың 45-тен астам кәсіптік стандарттары әзірленіп жатыр. Сонымен қатар медициналық колледждер ауқымды аттестаттаудан өтті. 2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау үшін республикалық бюджет есебінен 4700-ге жуық білім грантын бөлді, оның 1500-і резидентура бағдарламаларына арналған. 2023 жылдан бастап резидентурада бейінді мамандарды даярлауға арналған грант саны 2500-ге дейін өседі, - делінген министрлік таратқан хабарламада.