Елбасының Қазақстан халқына жолдауы

18 Наурыз 2016, 06:33

ЕЛБАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЕЛ АЗАМАТТАРЫНА ҮНДЕУІ

Қымбатты отандастар!

 

Бүгін Қазақстан халқы тарихи оқиғаның – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының  куәгері және қатысушысы болды.

Ассамблея жылында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығында жасалған бұл Жолдау - жиырмасыншы жолдау болып отыр.

Мемлекет басшысының Жолдаулары – бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихының өткелдері, Отанымыздың дамуының жаңа кезеңдерін атап өтіп жатқан Ұла Дала Елінің біртұтас халқының қиындыққа толы жеңісті жолы.

Мерейтойлық Жолдау – халық пен елдің ең басты, көкейтесті және зәру мәселелеріне жауап беретін, маңызы жөнінен теңдессіз құжат.

Мемлекет басшысы басты мақсатты айқындады – ол Отанымыз Қазақстанды бақытты да өркендеген халқы бар Мәңгілік елге айналдыру, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру, бай да қуатты елдермен теңесу.

Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарына кірген егемен ұлттық экономика ретінде, дүниежүзілік ұлттар отбасының толыққанды қатысушысы болған мемлекет ретінде орнықты. Біз бүкіл тарихымызда болмаған табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Бұрын ешқашан біздің халқымыз қазіргідей жақсы өмір сүрген емес. Қазақстандықтар өмірінің  орташа ұзақтығы 10 жыл ішінде 64-тен 72 жасқа жетті.

1300 денсаулық сақтау және 1700-ден астам білім нысандары салынды.

Сонымен қатар, Президент Н.Ә.Назарбаев «қазіргі кезде жаңа мүмкіндіктер мен жаңа қатерлер ұштасқан шиеленісті де ауыр кезең туып отыр», - деп атап көрсетті. «Жаһандық дағдарыс – тек қауіп қана емес, бұл жаңа мүмкіндіктер». Біздің қол жеткен табыстарымыздың сынға түсетін уақыты және қазақстандық мемлекеттікті нығайтатын уақыт туып отыр.

Мемлекет басшысы «біздің дағдарыстарды еңсеру тәжірибеміз бар. Жаңа жаһандық  қатерлерлерге біз өзіміздің нақты мұмкіндіктеріміздің негізінде тұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюға тиістіміз», - деп атап айтты.

Осынау жауапты кезеңде бірлікті сақтау қажет, «біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» қағидатын ұстана отырып, ел игілігіне тер төге еңбек ету керек.

Президент дағдарысты еңсеру жөніндегі тұтас іс-қимыл стратегиясын – Бес нақты іс-шарадан  құралған дағдарысқа қарсы тұру және алдын алу стратегиясын  айқындады. 

Жолдауда экономикалық реформалар негізінде дағдарыс жағдайындағы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған экономика саласындағы кезек күттірмейтін және пәрменді қадамдар бойынша аса анық тапсырмалар бар.

Бұл – жеке бастамашылық арқылы экономикалық өркендеу.

Бұл – 100 нақты қадам реформалары.

Бұл – жалпыға ортақ еңбек қоғамы және әр азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі. Бұл дегеніміз – өз теңгемізді қолдану, қаражатымызға сәйкес өмір сүру, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктігін  дамыту.

Реформалардың міндеттеріне мына өзекті инновацияларды енгізу кіреді – ұлттық валютаның құбылмалы курсы, жаңа инвестициялық саясат, активтерді жария ету, бюджет саясатын оңтайландыру, жеке бастамашылықты, еркін және дұрыс бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау, еңбек өнімділігін екі есе арттыру.

Ел экономикасының 5% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету, экономикаға салынатын инвестицияның жыл сайынғы көлемін 10 млрд. доллардан артық, жалпы 10 жыл ішінде 100 млрд. доллардан кем емес көлемге арттыру міндеті қойылды.

Бұл инвестициялар – Қазақстанның әр азаматының өмірін жақсартуға арналған үлес!

660 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады, тегін кәсіби техникалық білім қамтамасыз етіледі!

Мемлекет басшысы білім, денсаулық сақтау салаларында жалақыны көбейтуді, зейнетақы жинақтарын индекстеуді, сондай-ақ Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Жұртшылықтың әлсіз топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясаты әзірленетін болады. Мұның бәрі Қазақстанның әр азаматының және баршаның экономикалық әлеуметтік және қоғамдық қауіпсіздігі үшін жасалады.

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын 1990-жылдардағы Тәуелсіздіктің аяғынан тұру кезеңіндегі реформалармен қатар қоюға болады», - деді.

Жолдау Бес институционалдық реформа идеясын шығармашылықпен дамытудың, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттерді шешудің нақты тетігі болып отыр.

Жолдау халқымыздың көшбасшысы, Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты да гүлденген Қазақстан құруға, қуатты мемлекет, дамыған экономика және салиқалы әлеуметтік саясат негізінде  Болашағы біртұтас  ұлт құруға бағытталған дәйекті саяси бағдарын терең және объективті түрде көрсетеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, бірегей елдің барлық азаматтары Мемлекет басшысының жаңа Жолдауындағы міндеттерді толық қолдайды. Бұл міндеттерге балама жоқ!

Біз Елбасы қойған міндеттерді орындау үшін бұл Жолдау  - қуатты жұмылдыру күші, бастау болатынына сенімдіміз, аталмыш міндеттердің шынайылығын және орындалатынын атап айтамыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Елбасы қойған міндеттер жалпыұлттық бірліктің және қоғамдық келісімнің арқасында, Нұрсұлтан Назарбаевтың   бейбітшілік және келісім моделінің арқасында жүзеге асатынын атап көрсетеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жолдау міндеттерінің баршамызға және еліміздің әр азаматына қатысы бар екендігіне сенімді.

Әрқайсымыз бастамашыл, жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуымыз керек! Біз әр азаматтың жаңа экономикалық мәдениетін, мінез-құлығын қалыптастыруға тиіспіз.

Біз, бүгінгі Жолдаудың міндеттерін жүзеге асыру  - Қазақстан дамуының көлемді ілгерілеуі үшін мүмкіндік болады деп сенеміз.

Біз, Жолдауды орындау – бұл Отанымыздың әр патриотының азаматтық парызы, жауапкершілігі және ар-ожданы екендігіне сенімдіміз.

Біз, Қазақстан халқын Мемлекет басшысының Жолдауындағы жаңа көлемді міндеттерді орындау үшін, біздің қасиетті  Ұлы Дала Елі жерінде тұрақты гүлденген Қазақстанды – «Мәңгілік елді» құру үшін бірігуге шақырамыз!

Біз, Қазақстанымызды дамудың жаңа белестеріне шығарамыз!

Алға, Қазақстан!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі,

Астана қ, 2015 жылғы 30 қараша

Бөлісу: