Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды

15 Қараша 2018, 10:51 2269

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Жастар жылын жариялау туралы Жастарды кешенді қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев  

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша

№ 784

Бөлісу: