Ел келешегі үшін маңызды сәт туды

9 Сәуір 2019, 18:25 5393

Елдігімізді айқындайтын сәтті кезеңге аяқ басқалы отырмыз

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялаған болатын. Осы үндеу аясында еліміздің түрлі сала мамандары өз пікірлерін ортаға салды.

 

Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ,

саяси ғылымдар докторы, профессор

Тәуелсіздік ұғымының мазмұны мен құрылымы күрделі. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал сая­сатының нәти­жесінде бүгінде Қазақстан тарихи әділеттілікті қалпына келтірді, мемлекеттің іргесін мығымдап, жалпыұлттық сәйкестік пен береке-бірлігімізді еселеп нығайтты. Ендігі жерде мемлекет Елбасының өз қолымен сара жолымен жүріп келеміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым.

 Алдағы Президент сайлауының өткізілуі осыған дәлел болуы  халықаралық жүйеде өз орнын табу ғана емес, сонымен бірге, өз мүддесін қорғай білу. Қа­зақ­стан зайырлы қоғам екенін әлемге танытқан  бастамаларымен жүйелі түрде өткі­зіліп келе жатқан – бұрыңғы Президент сайлауының  барлығы тәуелсіздіктің жемісі. Сонымен бірге, бұл шаралар жас мемлекетті әлемдік жұртшылыққа таныс­тыруға да мүмкіндік беріп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінде   ерекше мән бере   отырып,  барша қазақстандық азаматтарды мемлекетіміз мызғымас берік болып қалыптасуы еліміздің сая­си өмірінде маңызды рөл атқаратыны сөз­сіз. Се­бебі оның нәтижесі Қазақ­стан­ның одан әрі дамуы айқында­латын бола­ды. Біздің ендігі міндетіміз – осы жолдан, осы бағыттан ауытқымай, тек алға басу, өсу, өркендеу. Сол үшін де әрбір қазақстандықтарды еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры үшін алдағы өткізілетін сайлауға мейлінше атсалысуға шақырамын! 

 

Нұрқанат Жақыпбай

Театр және кино актеры, режиссер,

Бүгінгі үндеуге байланысты сайлау болуы керек, әрине. Мемлекет басына кім келсе жанашыр, елінің қамын ойлайтын, халқымен бірге жүріп жанын қиып беретін азамат болғаны дұрыс деп ойлаймын. Аллаға шүкір, егемендік алғалғалы бері жамандық көрдік деп айта алмаймын. Азатпыз. Әсіресе, шетелге шыққан кезде сені қалай қабылдағаныңа қарап өзіңнің қандай ел екеніңді білесің... Қазір елбасы алқасынан жәй ғана саясат көріп отырғаным жоқ. Туың көтеріліп, әнұраның ойнап тұрған кезде жақсы сезімде боласың. Одан артық бақыт бар ма!

 

Әсел Назарбетова

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы

Мемлекет   басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, онда кезектен тыс президенттік сайлау өтетіндігін мәлімдеді. Мерзімінен бұрынғы сайлау үстіміздегі жылдың 9 маусымында өтетіндігі туралы тиісті  Жарлыққа қол қойылды.

Осы уақыттан елімізде сайлау науқаны басталды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, халықты сайлау науқаны барысында жауапкершілік танытуға, алдымызда тұрған міндеттерді абыроймен атқаруға шақырды.

Қазіргі ішкі саяси ахуал қазақстандық қоғамның, халықаралық қауымдастықтың назарында. Сол себепті елдегі бейбіт жолмен жүріп жатқан биліктегі өзгерістің логикалық нүктесі қойылуы тиіс, халық та, бақылап отырған сырт көздер де сабаларына түсуі қажет. Сайлаудың болатыны толықтай күтілген жағдай болатыны. Енді міне мерзімі белгіленді.

Сайлау өткізу туралы шешім қоғамның алып-қашпа әңгімелеріне тосқауыл қояды, сан-сауал сұрақтарға жауап береді, сол арқылы саяси және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл, бірінші кезекте, еліміздің тыныштығы, азаматтарының мүддесі үшін қажет.

Мемлекетіміздің ары қарай даму жолын жалғастыруы, алдына қойған міндеттерді табысты атқаруы, стратегиялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруы, халық болашағына алаңдамауы үшін жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланған, тұрғындардың сенім мандатына ие болған, заңды, толықтай президенттік өкілеті бар тұлға қажет екені сөзсіз.

Мұндай айқындылық ішкі және сыртқы саяси мәселелерді толыққанды жүргізіп, билік мәселесіне алаңдаушылықты басып, ел дамуындағы келесі кезеңді нық сеніммен, үлкен жауапкершілікпен бастауға мүмкіндік туғызады.  

 

Эльмира Сұлтанбаева,

Халықаралық білім беру корпорациясының PR-менеджері

Қазақ елі сонау замандардан бері қонағын тәңіріндей сыйлап, айналасындағы ұлыстар мен ұлттарға бейбіт сүруіне ықпал етіп, пана бола білді. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері бейне бір алып бәйтеректің саясына мың түрлі құстар саялағандай, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Күн санап дархан дала төсінде берекесі тасыған бидайы мен арпасы жайқалып тұр. Төрт түлік малы мен жаны да көбейіп мол дәулет пен рызық артуда. Ұлыны ұлы тұтса – құт болар. Елдік пен тұтастықты еңселеткен заңғар – Елорда  қаласы Нұр-Сұлтан қаласына басқаша баға беру де мүмкін емес. Айта берсеңіз өте көп дәлелдер жеткілікті. Ең бастысы елімізде саяси жағдай тұрақты. Осы кезең – ұлттың  өзін-өзі танып, рухани әлемі жаңғырып отырған  ескерсек, ұлттық даму жолында өз орнын әділдіктің туымен тапқан Ұлы кезең.  Әрине, бұл кезеңдерге көреген басшы – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салған сара жолымен жүру арқылы жеткенімізді әрбір ұрпақ әрқашан мақтанышпен еске алатын болады.  Қазақ  мемлекеттілігін өркенді дамытып, бүкіл әлемге таныту жолындағы дәуірлік ерлігі деп айтуға да толық негіз бар. 

Елдігімізді айқындайтын сәтті кезеңге аяқ басқалы отырмыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халқына Үндеуінде кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдауы – мемлекет дамуындағы елдіктің жарастығын тапқан  тарихи мәні бар шешім болып отыр.  Сондықтан да, елдің ертеңі біздің қолымызда. Бұл асыл мұраттарымыз бар игі қасиеттер мен міндеттердің Үндеуі. Өткеннен тағылым, ертеңнен үміт іздеген біздердің алдымызда тарихи міндетке жауапкершілікпен қарау лазым.

 

Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы

2019 жылдың 9 сәуірінде Мемлекет басшысы республикалық телеарналарда эфирге шыққан Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы жариялады.

Республика Президенті халықтың бірлігі мен мемлекеттік биліктің, Конституцияның беріктігі, адамның және азаматтар құқықтары мен бостандықтарының символы және кепілі екенін бәріміз білеміз.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Президент өз құзыреті шегінде және конституциялық заңда белгіленген тәртіппен бойынша кезектен тыс Президент сайлауын өткізу қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Бұл қазақстандықтардың мүдделерін қорғауды, саяси тұрақтылықты және биліктің 100% легитимділігін қамтамасыз ету тұрғысынан терең теңдестірілген және салмақты шешім болып саналады.

Қазіргі уақытта жаһандық саяси үдерістер күрделілігімен ерекшеленеді және оларға егемен мемлекет ретінде тікелей қатысатын Қазақстан барлық заңды құқықтар мен міндеттерге ие болуға тиіс және олардың ішінде халық қолдауына ие Мемлекет басшысының мәртебесі бар мемлекеттің тұрақты, құқықтық  қалпы маңызды.

Барлық сайлау мерзімдері заңды түрде тексерілді. Халықтың сайлаудың қысқа мерзімділігі туралы сұрақтары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 55-бабының 2-тармағында шешімін тапқан, нақты айтқанда «Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады».

Жоғарыда аталған конституциялық заңға сәйкес Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады.

Руслан БЕГЕН
Бөлісу: