Ел есіндегі ерлер

4 Қыркүйек 2014, 06:10

Данченко Евдокия Федоровна 1920 жылы Калинин облысы Ашевск ауданы Гриве елді мекенінде туған.

Данченко Евдокия Федоровна 1920 жылы Калинин облысы Ашевск ауданы Гриве елді мекенінде туған. Еңбек жолын 1937 жылы Ленинградтағы С.М.Киров атындағы зауытта фрезеровші болудан бастаған. 1944 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 1950 жылдан Петропавл қаласындағы В.В. Куйбышев атындағы зауытта фрезеровші болып істеді.

1960 жылы 7 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Евдокия Федоровна Данченкоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 Демидов Герман Александрович 1927 жылы Алтай өлкесі Егоров ауданы Шубинка селосында туған. Еңбек жолын 1943 жылы Омбы теміржолының Чапы стансасында автоблокировка шеберінің оқушылығынан бастайды. 1945­ 1947 жылдары Макушин стансасында монтер болды. 1947 жылдан Петропавл  стансасының  локомотив  депосында  машинистің көмекшісі, одан кейін паровоз машинисі, ал 1955 жылдан электровоз бен тепловоз жүргізушісі болып істеді. 1966 жылдан Петропавл стансасындағы локомотив депосында кезекші қызметін атқарды.

1959 жылы 1 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Герман Александрович Демидовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КПСС­тің ХХІІ съезінің делегаты болып сайланған.

 Диркс Мартын Мартынович 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданындағы Березовка селосында туған. Еңбек жолын 1944 жылы тракторшы болудан бастады. Кейін Петропавл ауданындағы «Новая жизнь» ұжымшарының трактор­егіс бригадасының  бригадирі  болды.  1955­ 1961 жылдары осы аудандағы Киров атындағы ұжымшарды басқарды. 1961 жылдан Бескөл ауданындағы «Тоқшын» кеңшарының директоры, ол 1977 жылдан Петропавл облгаз тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.

1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Мартын Мартынович Диркске Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 Донченко Андрей Васильевич 1911 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданындағы Троицк селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 1929 жылы «Троицк» ұжымшарында бастаған. 1931 жылдан Мамлют ауданындағы

«Қызыл әскер» кеңшарында жұмыс істеді. 1933­1936 жылдары Қызыл Әскер қатарында болып, кейін комсомол және партия ұйымдарында қызмет етті. 1944­1973 жылдары Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданындағы «Приишим» кеңшарының директоры болып істеді.

1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Андрей Васильевич Донченкоға Социалистік Еңбек Ері  атағы  берілді.  Сонымен  қатар  ол Ленин,  Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: