«Ел жүрегі – Астана!»: елордада бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

10 Шілде, 17:26 806

13 шілде күні елордада «Ел жүрегі – Астана!» атты бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, іс-шара Ботаникалық бақтың ішінде өтеді. Орынбор көшесі жағынан бастау алып, сол жерде аяқталады.

Бұқаралық іс-шараға байланысты жолдар жабылмайды.

Жарысқа қашықтықты еңсеруге қабілетті барлық ниет білдірушілер шақырылады: үлкен жарыс – 4000 метр, ал кіші жарыс – 1300 м.

Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу жарыс күні, яғни 13 шілде күні сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы: 08:00.

Тіркелу тегін.

Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды! Барлық қатысушыларға мәре соңында медальдар беріледі.

Қатысушылар лимиті – 1000 адам.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: