Ел спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан қызметкерлер мен ардагерлер марапатталды

16 Тамыз, 19:35 622

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Спорт күніне орай ел спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлерді марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты іс-шарада Ермек Маржықпаев жиынға қатысушыларды Спорт күнімен құттықтап, отандық спорттың дамуына қосқан үлесі мен жарқын жеңістері үшін сала өкілдеріне алғыс айтты.

«Ең алдымен Сіздерді кәсіби мереке – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын бірегей сала. Сергектік пен мықты рухқа ие болудың кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт пен дене шынықтыру саласының дамуын үнемі басты назарға қойып келеді. Ел спортының ертеңін еңселі ету, ойы сергек, бойы шымыр ұрпақ тәрбиелеу – басты міндетіміз. Бүгінде біздің спортшылар әлемдік деңгейдегі бәсекелерде ел мәртебесін асқақтатып келеді. Бұл жетістіктер – спорт саласына еңбек сіңірген аға буынның, жаттықтырушылар мен мамандардың, спортшылардың ерен еңбегінің жемісі», – деді Туризм және спорт министрі.

Мерекелі жиында Ермек Маржықпаев сала қызметкерлері мен жаттықтырушыларға, спорт ұйымдары өкілдеріне «Еңбек ардагері» медалін, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін, «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хат» табыс етті.

Зарина Арман
Бөлісу: