Ел спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Бүгiн, 00:16 337

Туризм және спорт министрлігі өткен аптада ел спортшыларының жарқын жеңістерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуесқой бокс: Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен Әлем кубогінде Қазақстан құрамасының боксшылары 3 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.

Фристайл-акробатика: Швейцарияның Айроло қаласында өткен Еуропа кубогінің кезеңінде Дінмұхаммед Райымқұлов 1 алтын және 1 күміс жүлдеге ие болды.

Нысана көздеу: Аргентина астанасы Буэнос-Айресте басталғанӘлем кубогінде әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде Арина Алтухова қола жүлдеге қол жеткізді.

Таэквондо: Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасы Сербияда өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде 4 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

Кәсіпқой бокс: Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) елордада франциялық Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9КО) жұдырықтасып, 5-раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: