«Ел не дейді»: El.kz ақпарат агенттігінде көшеде түсірілетін подкаст басталды

19 Қыркүйек, 12:33 534

El.kz ақпарат агенттігінде «Ел не дейді» атты жастарға арналған жаңа бағдарлама жарыққа шықты. 

Бағдарлама Астанадағы жастар көп жүретін алаңдарда – жағалаудағы саябақтар мен Бәйтерек, ЭКСПО алаңдарында түсіріледі. Мұнда көшпелі студия жұмыс істейді.

Саябақта орналасқан студияға пікірін білдіргісі келетін кез келген адам қосылып, қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдіре алады. Бағдарлама көңілді, позитивті атмосферада түсіріліп, жүргізушілер мен бағдарлама қонақтары көрерменге қызықты ой салады.

Форматы ерекше жобаның алғашқы шығарылымы жарық көрді. Жоба жүргізушілері Дархан Турашев пен Ғалия Медиева «Төтенше жағдай студенттерге қалай әсер етті?» деген сұраққа жауап іздеп көрді. Бағдарламаның ұзақтығы 10-20 минут аралығында болады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: