El.kz жобасы Awards.kz интернет-премиясының жүлдесіне ие болды

21 Қараша 2014, 06:44

El.kz жобасы Awards.kz интернет-премиясының жүлдесіне ие болды

«El.kz» интернет-жобасы «Award.kz» Ұлттық интернет-премиясының  «Жеке беттер, танысу және тілдесу» номинациясы бойынша 3-ші орынды жеңіп алды. Аталған номинация бойынша «Netpeak» маркетингтік агенттіктің «blog.netpeak» блогы 1-ші орынды алды. 2-ші орынға «Your Vision» блог-платформасы ие болды. «El.kz» 2 турдың қорытындысы бойынша жалпы есепте 6.43 ұпай жинады.

Сондай-ақ «Қазконтент» АҚ-ның «Bnews.kz», «Strategy2050.kz» жобалары 1-ші орынды алды. Ал «Әдеби портал» мен «Қазақстан тарихы» өздерінің салалары бойынша 2-ші орынды иеленсе, «Масс-медиа» номинациясында «Baq.kz» 3-ші орынға қол жеткізді.

 

Бөлісу: