El.kz сайтында жаңа видео жоба!

31 Қазан 2014, 11:29

Құрметті оқырман қауым, El.kz сайтының ұжымы елімізге еңбек сіңіріп жүрген танымал, танымал емес азаматтар туралы бейне-блогтарды назарыңызға ұсынып отыр.

Құрметті оқырман қауым, El.kz сайтының ұжымы елімізге еңбек сіңіріп жүрген танымал, танымал емес азаматтар туралы бейне-блогтарды назарыңызға ұсынып отыр. Жобаның мақсаты ел ішіндегі асыл қазыналарымызды баршаға таныстырып, олардың өмірлік ұстанымдарын өзгеге үлгі қылу.

Жаңа жобамыздың алғашқы қонағы – Динара Садуақасова. Он сегізге енді толған Динара осы кезге дейін Қазақстандағы ең жас гроссмейстер атанып, халықаралық дәрежеде еліміздің абыройын қорғап жүр. Шахмат ойындары бойынша екі мәрте Әлем чемпионы атағын алған Динара, жуырда Оңтүстік Африка Республикасында өткен Әлем чемпионатына қатысып, 18 жасқа дейінгі категорияда жеңімпаз атанды.

Жас та болса, бас болған Динара Садуақасова биыл «Шахматқа жасаған алғашқы қадамым» («Первые шаги в шахматах») деп аталатын жас шахматшыларға арналған кітап шығарды. Динараның сәттілікке жетудегі сырын жаңа жобадағы бейне-блогтан көре аласыздар.

Бейне-блогқа өту үшін мына сілтемемен жүріңіз.

Сондай-ақ, "Видео" айдарынан Қазақстан туралы ең қызықты әрі көңілді бейне материалдарды таба аласыз. 

Бөлісу: