El.kz редакциясының Тәуелсіздік күніне арнаған материалдары

18 Желтоқсан 2014, 04:49

El.kz редакциясының Тәуелсіздік күніне арнаған материалдары

Қазақстанның тәуелсіз 23 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Осыған байланысты мейрам қарсаңында, жекелеген сала мамандарының осы тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне байланысты пікірін осы жерде оқи аласыз.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, әсіресе 1990-2000 жылдар аралығы сөзсіз қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды. Мұндайда «өлгеніміз тірілді, ұмыт қалған мұрамыз жаңарды» дейміз. Мәдениетіміздің дамуы барысында бағындырған биіктері туралы мақаланы оқи аласыз. 

1991 жылдан бері біраз уақыт өтті. Осы уақыт аралығында еліміз көптеген жағдайларды басынан өткерді, оның ішінде қиындықтар да, жетістіктер де молынан болды. Сол оқиғаларды еске қайта түсіріп, тарих беттеріне жазылған сәттерді бірге еске түсіріп көрейік. 

Тәуелсіздік жылдарынан бері қазақстандық спортшылар 11 Олимпиада ойындарына (Жазғы Олимпиада ойындары – 5, Қысқы Олимпиада ойындары – 6) қатысып үлгеріпті. Қазақстан спортшыларының қатысумен өткен 11 Олимпиадада 59 медаль иеленіппіз: 52 медаль Жазғы Олимпиада ойындарынан, 7 медаль Қысқы Олимпиада ойындарынан. Біз секілді жас мемлекет үшін бұл тамаша жетістіктер. Спорттық державаға айналуымыз жайында көбірек біле аласыз

El.kz редакциясы Тәуелсіздік күніне байланысты арнайы Қызылорда қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқушыларының арасында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнама негізінде "Бейбітшілік пен татулық дегенді қалай түсінесіз?", "Халықтар ассамблеясы деген не?", "Тәуелсіздік" дегенде ойыңызға алғаш не келеді?" деген сұрақтар қойылды. Азат елдің өрендерінің пікірлерін көре отырыңыз. 

Ел.кз редакциясы тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген көрсеткіштер негізінде оқырман назарына статистикалық ақпарат ұсынады. Толығырақ мақаладан оқыңыз. 

Еліміздің әртүрлі салада болашақта күтілген нәтижелер мен нақты нәтижелер қандай болғандығын салыстыратын ақпараттық инфографикаларды назарларыңызға ұсынамыз. 

Қазақстан 1991 жылы алған тәуелсіздігінен кейін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. Нарықтық экономикаға тарихта алғаш рет қадам басқан еліміз алғашында танымайтын, көрмеген жүйесінен сескенсе де, қазақтың «Көз қорқақ, қол батыр» деген сөзін растады. Экономикамыз тек қана Орталық Азия елдері арасында ғана емес, әлемдік рейтингтерде де жақсы орындарда көзге түсіп жүр. 23 жылдық тарихымызда елдің экономикалық көрсеткіштерін ұсынуды шештік. 

Сондай-ақ Қазақстан мен әлемдегі экономикасы ең алпауыт 20 елдің (G20) экономикалық және әлеуметтік деректерін көру сіздерге қызық болады деп ойлаймыз. Пайдалы құралдар көмегімен кез кезген ел мен Қазақстанды оп-оңай салыстыра аласыз. Толығырақ мақаладан көріңіз. 

Шетелде жүрген әрбір қазақстандық студент ол жаққа ойнап-күліп, көңіл көтеру үшін емес, білім теңізінен сусындап, еліне аянбай еңбек ету үшін, Қазақ елінің көркейе беруіне кірпіштей болсын із қалдыру үшін кетті. Басқа елде білім алып жүрген жастардың тәуелсіздік күнін қалай атап өтетінін білгіңіз келсе, мақаланы оқыңыз. 

Тәуелсіздікті туралы дайындалған материалдар сериясын Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында айтылған негізгі тұжырымдарымен қорытындылаймыз. Уақыт ағысы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған 1991 жылғы 16 желтоқсандағы ұлы күннен тез алыстатып барады. Халық жасаған таңдаудың сарқылмас тарихи күшін біз жыл өткен сайын терең сезініп келеміз. Ол – еркін, егемен елде татулықта, бір-біріне деген сенім және келісімде өмір сүру таңдауы, өз тағдырын қашанда өзі айқындап, болашағын жасау. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! 

Бөлісу: