El.kz интернет-жобасы «Армандар орындалған Астана» фотоконкурсын жариялайды

10 Маусым 2015, 08:41

El.kz интернет-жобасы Астана қаласы күніне орай «Армандар орындалған Астана» деген тақырыпта республикамыздың барлық тұрғындары арасында фотобайқау жариялайды.

El.kz  интернет-жобасы Астана қаласы күніне орай «Армандар орындалған Астана» деген тақырыпта республикамыздың барлық тұрғындары арасында фотобайқау жариялайды. 

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мен қонақтары қатыса алады. Ол үшін фотобайқау ережесіне сай түсірілген суреттерді төменде көрсетілген электронды поштаға жолдау қажет.

 БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

 1. Жалпы ереже:

1. Астана қаласы күні атап өтуге арналған ««Армандар орындалған Астана»  тақырыбындағы фотобайқау республикалық деңгейде өткізіліп отыр.

2. Байқаудың ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі – «Қазконтент» АҚ-ның El.kz интернет жобасы.

 2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

3. Байқаудың мақсаты – бас қаланың негізгі құрылыс нысандарын насихаттау.

4. Байқаудың міндеті:

 – Астана қаласын атап өтуге бүткіл республика тұрғындарын тарту;

– Қазақстан тұрғындарының елорда тарихы жөніндегі білімін арттыру;

– El.kz порталында байқауға қатысушылардың үздік жұмыстарынан электронды фотоальбом жасау;

 3. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары:

5. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мен қонақтары қатыса алады.

6. Байқауға қатысу үшін Астана қаласындағы құрылыс нысандарының фонында суретке түсіп, сол суреттің және ондағы нысанның тарихы туралы шағын сипаттама жазу керек. Cондай-ақ, бұрын түскен суреттер де жарайды. Сипаттама мазмұнында «Не үшін дәл осы сурет сіз үшін ерекше?» деген сұраққа жауап берілуі тиіс.

7. Жұмыстар 2015 жылдың 1-30 маусым аралығында қабылданады. Байқаудың қорытындысы 2015 жылдың 3 шілдесінде  Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де El.kz порталының «Таңдаулы жаңалықтар» айдарында жарияланады. Байқау жұмыстарын news@el.kz электронды адресіне жолдау қажет.

8. Байқау ережесі бойынша қазылар алқасының шешімімен «үздік» деп танылған 3 жұмыстың иелері жеңімпаз болып саналады. El.kz порталының атынан тағайындалған арнайы сыйлықтар жеңімпаздарға жеке немесе пошта арқылы тапсырылатын болады.

 4. Байқаудың қазылар алқасы

11. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін El.kz интернет-жобасы редакциясынан және кәсіби фотографтардан тұратын қазылар алқасы құрылады. Жұмыстар байқау тақырыбына сай болуы, идеяның жаңалығы, сапасы сынды критерийлер бойынша сұрыпталады.

12. Қазылар алқасының шешімі өзгертуге жатпайды.


Байқауға байланысты барлық сұрақтарды news@el.kz  электронды адресіне жібере аласыз.  

Бөлісу: