Ел дамуы үшін Президент сайлауының маңызы ерекше – Қарин

22 Қараша 2022, 15:40 1341

Келесі кезең – Парламент пен мәслихат сайлауы

Еліміздегі соңғы саяси оқиғалар туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Ағымдағы жыл бойы нығайып келе жатқан қоғамды топтастыру тұрғысынан ел дамуы үшін өткен Президент сайлауының маңызы ерекше. Маусымдағы референдумда қазақстандықтардың 77 пайыздан астамының конституциялық реформаны мақұлдауы биліктің қазіргі әрекетін азаматтардың қолдайтынының көрінісі болды.Дауыс беру қорытындысы бойынша 80 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді жеңісі биліктің жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланып отырған іс-әрекеттерін азаматтардың жоғары қолдауын көрсетті",- дейді ол.

Сондай-ақ, елдегі саяси оқиғалардың маңызына тоқталды.

"Референдум әлеуметтік консолидацияның жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетсе, Президент сайлауы азаматтардың топтасуына сапалы жаңа, мазмұнды сипат берді. Сайлау бүгінгі таңда қоғам мен биліктің елдің даму болашағы туралы ортақ түсінігі бар екенін тағы да растады. Жалпы алғанда, үлкен сайлау циклінің бірінші кезеңі сәтті аяқталды деп айтуға болады.  Келесі кезең – Парламент пен мәслихат сайлауы",- деп жазады ол.

Сонымен қатар ол нәтижесінде қоғам мен биліктің топтастырылуын нығайта отырып, мемлекеттік институттардың тұрақты жүйесін қалыптастыра отырып, біздің еліміз жаһандық турбуленттік қиын жағдайда қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қажетті маржасына ие болды дегенді айтады.

EL.KZ
Бөлісу: