Ел азаматтары үш жылда алаяқтарға 18,9 млрд теңгеге алданған

11 Сәуір, 09:39 592

Ел азаматтары соңғы үш жылда алаяқтарға 19 млрд-қа жуық ақшаға алданған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында алаяқтық жасау өзекті проблема. Соңғы үш жылда агенттікте алаяқтық фактілері бойынша 700-ден астам (770) қылмыстық іс тіркелді, оның 100-ден астамы пара беруге итермелеумен ұштасты. Республика бойынша алаяқтарға берілген қаражаттың жалпы сомасы 18,9 млрд теңгеден асады, - деді Данияр Бигайдаров.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда 11 адамды сан соқтырған алаяқтарға сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: