Ел аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады

26 Қараша, 11:33 349

Қазастанның барлық аумағында 29 қарашада жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

2024 жылдың 29 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!, - делінген хабарламада. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: