Экзитпол өкілі әлеуметтік сауалнама қалай жүргізілетіндігі туралы айтты

19 Наурыз 2023, 18:11 2467

Демократия институтының ғылыми зерттеу ассоцациясының өкілі Үсен Астанқұлов бүгінгі елімізде өткізіліп жатқан Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бойынша экзитпол өкілі ретінде сауалдарымызға жауап берді.

 Үсен Нұрланұлы интервьюердің жұмысы туралы айта кетсеңіз.

 Бүгінгі сайлаудағы менің жұмысым кіре берісте тұрып, дауыс беріп шыққан азаматтардан сауалнама алу. Сонымен қатар сол сауалнаманы құпия түрде біздің басшылық құрамға, ақпарат жинайтын өкілге жеткізу болып табылады.

Сіз сұхбат алушы болу үшін арнайы дайындықтан өтесіз бе? Интервьюер болу үшін не қажет?

– Әрине біз арнайы дайындықтан өтеміз.  Мен де сұхбат алушы болу үшін арнайы дайындықтан өттім. Себебі тәртіп керек. Бізге интервьюердің тәртібімен, жұмыс бабымен  және жұмыстың қалай жүретіндігі жайлы толық ақпарат беріледі. Дәрістер мен сабақтар жүргізіледі.

 Сайлаушылардың жауаптары бар ақпарат қалай қолданылады?

– Біздің жинаған ақпараттардың барлығы құпия түрде белгілі өкілдерге жолданады. Сол жерден болжамды түрде көрсеткіштер шығады.

 Сіз бір учаскеде сауалнама жүргізесіз бе? Әлде бір учаскеден екіншісіне барып тұрасыз ба?

– Белгілі бір учаскенің кіреберісінде тұрамыз. Барлығы сайлаудың тәртібі бойынша жүргізіледі. Мысалы сайлау таңғы сағат 07:00 мен кешкі сағат 08:00-ге дейін болса, дәл сол уақыт аралығында сұрақтарымызды қойып, азаматтардың сауалнамаларын толтыратын боламыз.

Сіз бір учаскіде қанша адаммен сұхбаттасасыз?

Мен енді  көптеген адамдардан сұқбат алуға тырысамын. Бірақ қарсылық білдіріп, келіспейтіндер де болады. Шамамен 40 азаматтан сұқбат алатын боламын.

Сауалнама учаскелерін таңдау қалай жүзеге асырылады?

Біздің Институттың әдіскері аймақтық супервайзерге мекен-жайы бар сайлау бөлімшелерінің тізімін ұсынады. Содан кейін супервайзер бұл бөлімшелерді интервьюерлер  арасында бөледі. Барлық бөлімшелер кездейсоқ іріктеліп алынады және қазақстандық сайлаушылардың электоралды сипатын дәл береді.

 Сіз сайлаушыға қандай сұрақтар қоясыз?

Біз респонденттерге «Парламент Мәжілісінде қай партияға дауыс бердіңіз?», «Облыс мәслихатында (Астана, Алматы, Шымкент қалаларында - қала мәслихатында) қай партияға дауыс бердіңіз?», сонымен қатар «Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына қандай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген сұрақтар қоямыз. Біз олардың жауаптарын, сондай-ақ егер респондент барлығына қарсы деп жауап берсе де, оларды арнайы бланкілерге белгілеп аламыз. Сайлаушы бізге жауап береді немесе жауап беруден бас тарта алады. Сонымен қатар, біз респонденттің жынысын, жасын және ұлтын көрсетеміз.

 Егер сайлаушы сауалнамаға қатысудан бас тартса, сіз қалай әрекет етесіз?

Егер сайлаушы сауалнамаға қатысуға қарсылық білдірсе, біз ол кісілерді қинамаймыз.  Оның барлығы сайлаушылардың өз еріктерінде.

Сауалнама қай тілде жүргізіледі?

  Сауалнама екі тілде жүргізіледі. Біз сайлаушыға ыңғайланамыз. Ол кісілер қазақ тілінде десе, қазақ тілінде, орыс тілінде десе орысша сауалнама жүргіземіз.

 Сіз кез-келген адаммен сұхбаттасасыз ба, әлде жас шектеулері бар ма?

 ҚР заңнамасына сәйкес сайлаушылар қай жастан бастап дауыс бере алады. Сол жастағы азамаматтардан сауалнама аламыз.

Бұл сауалнамаға кім тапсырыс берді?

2021 жылы парламенттік сайлауда экзитполлды демократия институты жүргізді. Ол кезде тапсырыс беруші КТК телеарнасы болған. Бұл жолы экзитполлдың тапсырыс берушісі белгілі қазақстандық БАҚ консорциумы-КТК, 31 арна, zakon.kz және Информ бюро арналары болып табылады. Бұл ретте Консорциум экзитполды тек Демократия институтына ғана емес, тағы екі ұйымға (Еуразиялық интеграция институты және СОЦИС-А компаниясы) жүргізуге тапсырыс берді.

– Сауалнама нәтижелері қайда жарияланады?

Сауалнама нәтижелері 19 наурыздан 20 наурызға қараған түні, атап айтқанда сайлау өткен күні сағат 00-00-де (Астана уақыты бойынша) QAZAQSTAN арнасында өтетін телемарафон кезінде жарияланады. Бұл туралы БАҚ консорциумының келісімі бар. Содан кейін нәтижелер QAZAQSTAN арнасының тікелей эфирінде көрсетілгеннен кейін жарты сағат ішінде консорциумға қатысушылар - КТК, 31 арна, zakon.kz және Informburo оларды өз сайттарында орналастырады және жаңалықтар шығарылымдарында көрсететін болады.

– Сұқбатыңызға рахмет!

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: