Эквадорда Ұлыбританияның консулы жоғалып кетті

17 Желтоқсан 2023, 20:23 1097

Эквадорда Ұлыбританияның Гуаякилдегі құрметті консулы Колин Армстронгты ұрлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Агенттіктің жазуына қарағанда ұрлау оқиғасы сенбі күні таңертең Лос-Риос провинциясында болған. Бұл жөнінде Эквадор полициясы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды. 

Бүгін таңертең Лос-Риода болған кәсіпкерге қатысты болжамды қылмысқа байланысты Эквадор полициясының мамандандырылған бөлімшелері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады. 

Полиция келтірген мәлімет бойынша, консулмен бірге тағы бір адам ұрланған. 

Перизат Саденова
Бөлісу: