Экс-министр Мұхамедиұлы түрмеде аштық жарияламаған болып шықты

Бүгiн, 09:40 443

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде жатып, аштық жариялағаны туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Facebook-тегі парақшасында өзін кінәсіз деп санағандықтан аштық жариялағанын мәлімдеген еді. 

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мұхамедиұлының аштық жариялағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ол қалыпты жағдайда тамақтанып жатыр, бұл бейнебақылау камералары арқылы расталған. Одан ешқандай арыз да, шағым да түскен жоқ. Сондай-ақ, белгіленген тәртіпке сәйкес, сотталған азаматтың қолында ұялы телефон жоқ, – деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Қазіргі таңда оның атына әлеуметтік желіде жарияланған жазба бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: