Экс-министр Бағдат Мусиннің үстінен іс қозғалғаны рас па

15 Мамыр, 18:17 767

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қарсы қылмыстық іске қатысты ресми мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Антикор аталған деректерді жоққа шығарды.

Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінің қарауында бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қаралып жатқан іс жоқ, – деді Антикор.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтен Бағдат Мусиннің қызметтен кетуінен соң айтылып жатқан түрлі әңгіменің нүктесін қойған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: