Экс-министр Ажар Ғиният жаңа қызметке тағайындалды

15 Наурыз, 23:10 1120

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ ұжымына жаңа басшы – Ажар Ғиниятты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ажар Ғиният Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша және Алматы Менеджмент университеті «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 - 1999 жылдары - Ақтау қаласының №1 Медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2001 жылдары - Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары - Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары - Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017-2020 жылдары - ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары.

2020-2022 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

2022-2024 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

2024 жылғы 15 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

ҚР Денсаулық сақтауды дамыту саласындағы жетістіктері үшін «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгілерімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Перизат Саденова
Бөлісу: