ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер енгізу, оның ішінде жоспардан бірнеше коммуналдық меншік кәсіпорындарын алып тастау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін сату жоспарлары қаралды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.