Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілдерінің кездесуі өтті

9 Қараша 2022, 14:41 1751

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жағдайын және перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жағдайын және перспективаларын талқылады.
Ынтымақтастықты кеңейтуге, 2022-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға, Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс органдарының отырыстарына және вебинарларға қатысуына ықпал ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға алдағы уақытта қол қоюға назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара қарым-қатынастардың дамуын оң бағалады, сондай-ақ Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.

EL.KZ
Бөлісу: